Алматы облысында әйел адам ер адамды фураның астына итеріп жіберді

14 Қараша 2023, 15:13 2262

Алматы облысындағы «Алтын Орда» базарының маңында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйел адамның өтіп бара жатқан фураның астына ер адамды итере салғанын көруге болады. Жүк көлігі ер адамды жаншып өтіп, өзімен бірге сүйреп кеткен.

Мұны 60 жастағы әйел адам жасағаны анықталды. Енді ол 15 жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін.

Облыстық ПД мәліметінше, күдікті қамауға алынған. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: