16.09.2024
00:15
1138
Алматы облысында ақылы жол терминалында көлік апатынан жүргізуші қайтыс болды

Алматы облысында ақылы жол терминалында көлік апатынан жүргізуші қайтыс болды

Алматы облысында ақылы жол терминалында көлік апаты болды. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25 шақырымында келе жатып, рөлді басқара алмай, бетон қоршауға соғылған. Содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиға салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі сол жерде қайтыс болды.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасуда.