Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы облысында Telegram мессенджері арқылы алаяқтықпен айналысқан қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен төрт қатысушысын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған куратор 2024 жылдың маусым айынан бастап 50-ден астам дропты – банктік карталарды өз атына немесе басқа адамдардың атына рәсімдеген тұлғаларды басқарған. Осы шоттар арқылы мыңнан астам қаржылық операция жүргізіліп, жалпы сомасы 580 миллион теңгеден асқан. Әрбір транзакциядан куратор 6% комиссия алып, жалпы табысы 35 миллион теңгеден асқан.
«Антифрод орталығы» базасының мәліметінше, дроптарға қатысты қылмыстық істер елдің бірнеше өңірінде, соның ішінде Алматы облысының Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында, сондай-ақ Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында және Маңғыстау облысында тергеліп жатыр.
Алматы облыстық ПД мәліметіне сүйенсек, куратор Telegram арқылы «оңай ақша табу» туралы хабарландырулар жариялап, дроптарды тартумен айналысқан.
Ол адамдарды банктік карталарды өз атына немесе басқа тұлғалардың атына рәсімдеуге көндірген. Алаяқтар карталарға қол жеткізгеннен кейін, олар жәбірленушілерден алаяқтық жолмен алған ақшаны аудару және ізін жасыру үшін пайдаланылған. Түскен ақша тез арада қолма-қол шешіліп, криптовалютаға аударылып немесе басқа есепшоттарға таратылып отырған. Куратор әрбір транзакциядан 6% пайда көрсе, дроптарға аз ғана сыйақы төленген, ал негізгі табыс қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға кеткен,-делінген полиция мәліметінде.
Қазіргі уақытта күдіктілер полицияға жеткізілді, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Куратор уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұдан бөлек, күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру мақсатында екінші деңгейлі банктерге санкцияланған сұраулар жіберу жоспарлануда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді