17.02.2025
10:42
716
Алматы облысында 4 жасөспірім тауға шығып, адасып кеткен

Алматы облысында 4 жасөспірім тауға шығып, адасып кеткен

Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жасөспірімдердің ата-анасы дереу құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы тез арада шақырту орнына аттанды. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті, – делінген ақпаратта. 

Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-анасына тапсырды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.