Алматы облысында 34 жастағы ер адам әкесін ұрып өлтірді

10 Желтоқсан, 16:35 793

Алматы облысында ер адам әкесін ұрып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

CMN.KZ мәліметі бойынша қылмыс 9 желтоқсан күні болған. Ішімдік ішіп отырғанда әкесі мен баласының арасында жанжал болған. Осыдан кейін 34 жастағы ер адам әкесін аямай ұрып тастаған.

Әкесіне дене жарақатын жасап, салдарынан өлімге әкеп соқтыру ісі бойынша күдікті ер адамды ұстады. Тергеу жүріп жатыр, - делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: