Алматы облысында 11 ауланы су басып қалды

24 Тамыз, 08:29 626

23 тамыз күні сағат 16:30-да Алғабас ауылдық округінің Жаңаталап ауылында жауын-шашынның көп түсуі салдарынан 11 үйдің ауласын су басып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы автожол бойынша көлік арқылы жол жүру тоқтатылған жоқ. Жылдамдық режимін реттеу мақсатында ТЖ орын алған жерже жергілікті полиция қызметі орналасқан, - делінген Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті ақпаратында.

Ведомствоның хабарлауынша, қазір су деңгейі төмендеген, су басу қаупі жоқ. Зардап шеккендер жоқ. 

Көшелер мен аула аумақтарынан суды сору және бұру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-дан 52 қызметкер және 23 бірлік техника, оның ішінде 15 мотопомпалар жіберілді.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: