Алматы облысында 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеге өткізіп келгендер ұсталды

10 Қазан 2023, 12:14 746

Алматы облысында 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізіп келген екі азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар кезекті жалған ақшаны өткізу барысында ұсталған.

ҚМА мәліметінше, тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары алынған. Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды, - делінген мәліметте.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: