Алматы облысында демалыс күні кадрлық ауыс-түйістен басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық Полиция департаментінің бастығы болып Мейрам Әбікеев тағайындалды.
Ал оның бірінші орынбасары қызметіне Бағдат Әшім тағайындалды.
ІІМ бұйрығымен бірнеше тұлға қызметінен босатылды:
Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров;
Талғар аудандық Полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов;
Алматы облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов;
Алматы облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;
Алматы облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр;
Алматы облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Жанат Омаров.