Алматы облыстық ҚХА «Медиация – жалпыұлттық татулық пен қоғамдық келісімнің кепілі» акциясын өткізді

5 Тамыз 2019, 16:34 4263

Бүгін Талдықорғандағы Тіл сарайында Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының»  ұйымдастыруымен «Республикалық бірыңғай медиация күні» аясында «Медиация – жалпыұлттық татулық пен қоғамдық келісімнің кепілі» тақырыбында акция өтті.

Шараға қатысқан жаттықтырушы-медиатор, облыстық сот, ішкі саясат басқармасы, «Салтанат сарайы», «Нұр Отан» партиясы облыстық және қалалық филиалдарының, қоғамдық келісім мен аналар кеңестерінің, этномәдени бірлестіктердің, «Жаңғыру жолы» жастар штабының, Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Қаратал аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының қоғамдық және кәсіби медиаторлары қатысқан шарада өңірдегі қоғамдық медиаторлар жұмыстарының белсенділігін арттыру, татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру және медиаторлардың жұмысындағы шешімін таппаған өзекті мәселелерді саралап, тың ұсыныстарды талқылауға қатысты тақырыптар мен мәселелер талқыланды.


Кәсібі медиатор Қарлығаш Амреева өз сөзінде Медиация – Ассамблея айналысатын маңызды істің бірі. Медиатор - тәуелсіз тұлға. Медиацияға қатысушы тараптар медиатордың тәжірибесіне, білімі мен іскерлігіне сүйене отырып, өзара тиімді шешімге өз бетінше келеді деп атап өтті.

Шара барысында ұйымдастырушылар жанжалдар мен дауларды шешу бойынша медиативтік құзыреттердің жалпы түсініктерін берді. Олардың шешу тәжірибесінен және рөлдік ойындар барысында практикалық жаттығулардан мысалдар келтірілді. 

Медиаторлардың пікірінше, мұндай консультативтік-әдістемелік дөңгелек үстелдер мен шеберлік сыныптар қоғамдағы әлеуметтік және саяси шиеленіс пен қақтығысты төмендету үшін мемлекеттік ұлттық саясат стратегиясын іске асыруға қатысатын адамдарға базалық білім алуға мүмкіндік бермек.  

Айта кетсек, тек Алматы облысында жалпы 68 медиация кабинеті, оның ішінде 20 аудан, қала әкімдіктерінде және сот ғимараттарында 48 кабинет ашылған. Қоғамдық медиаторлар мен ҚХА құрылымдардың арқасында 394 даулы мәселе реттелген. 


В ходе акции организаторы дали общие представления медиативных компетенций по разрешению конфликтов и споров. Приведены действенные примеры их разрешения и практические упражнения с ролевыми играми. 

Стоит отметить, что только в Алматинской области открыто 68 кабинетов медиации, в том числе в 20 районных, городских акиматах и зданиях судов 48 кабинетов. Общественными медиаторами и структурами АНК урегулировано 394 спорных вопросов.

Бөлісу: