Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасы арқасында Қазақстандағы алғашқы тәжірибе қолға алынды. Енді Алматы оқушылары қала музейлеріне тегін кіре алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет басқармасының мәліметінше, балалар осы бастама арқылы тарихи артефактілер мен дәстүрлі өнерді көріп, төл мәдениетті терең түсінуге, білімін кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамыта алады.
Музейлер экскурсиялар ғана емес, сонымен қатар қолөнер бойынша шеберлік дәрістерін өткізеді. Бұл балаларға өзін шебер ретінде сынап көруге мүмкіндік береді.