Алматы метросында жол жүру ақысын биометрия бойынша төлеу енгізілді

12 Маусым, 21:19 678

Алматы метросында Face Pay инновациялық жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді жолаушылар смартфон немесе төлем картасын пайдаланбай, жол ақысын бет-әлпет арқылы төлей алады. Ол үшін «Face Pay төлемі» турникетіне барып, камераға қарасаңыз болғаны. Жол ақысы Halyk қосымшасындағы «Төлемдер» бөліміне тіркелген банк картасынан алынады.

Жол ақысын төлеудің бұл ыңғайлы әрі қауіпсіз әдісі жасанды интеллектке негізделген. Екі бекетте сәтті тексерістен өткесін жүйе барлық метро бекетінде іске қосылады.

Әсіресе, бұл әдіс метрода қарбалас шақта тиімді, уақыт үнемдейді. Бұған қоса, жолаушылар бұрынғы төлем әдістерін де қолдана алады, - деді Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жаңабек. 

Зарина Арман
Бөлісу: