Алматы метросында халықтың көңілін көтерген театр актерларына жұрт риза болды

28 Наурыз, 09:29 642

27 наурыз Халықаралық театр күнінде жаңадан құрылған ASSYLTAS театрының бір топ құрамы метро вагондарында ән шырқады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төлегеннің ариясын, “Қыз Жібек” операсынан “Гәкку” әнін орындаған театр ұжымына халық ықылас танытып, қол соқты. Театр әртісі Алмас Шаяхметов дүйім жұртты қазақ театрларын қолдауға шақырды. 

Театр адамдарды біріктіреді, білім мен әдеби көкжиекті кеңейтеді, өз өміріміз жайында ойланып, сезінуге әсер ететін орын. Әр қазақ театрға барып тұруы қажет, сонда күйбең тіршіліктегі проблемаларын бір сәт ұмытып, рухани байып қайтар еді, - деді Алмас Шаяхметов.

Айта кетейік, ASSYLTAS театры үш ай бұрын құрылып, “Арена” атты спектаклімен Қазақстанның бірқатар қалаларына гастрольлдік сапармен барып қайтты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASSYLTAS ТЕАТРЫ (@assyltas_theatre)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: