Алматы метросы жұмыс кестесін өзгертеді

Кеше, 17:20 206

2024 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы метросы пойыздардың жүру уақытын қысқартады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 қыркүйекте метро әкімшілігі мәлімдеме жасады.

20 қыркүйектен 21 қыркүйекке қараған түні Алмалы бекетінен Абай бекетіне дейінгі аралықтағы рельс бунағын ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай, 21 қыркүйек күні метро бекеттері өз жұмысын сағат 07:00-ден бастайды, - деп хабарлады «Метрополитені» ШЖҚ МКК.

Әкімшілік уақытша қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: