Алматы мектептеріндегі қауіпсіздік техникалық талаптарға сай емес

10 Мамыр 2023, 20:53 1285

Мәжіліс депутаты Константин Авершин білім беру орындарындағы көптеген күзет ұйымдары техникалық талаптарға сай еместігін айтты, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта мектеп қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушы ата-аналардан көптеген өтініштер түсуде. Жақында білім беру ұйымдарының антитеррорлық қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша қауіпсіздіктің жеткіліксіз деңгейле екені немесе оның мүлдем жоқтығы анықталды. Қолда бар мәліметтер бойынша, көптеген жеке күзет ұйымдары – Алматы қаласындағы конкурстардың жеңімпаздары -техникалық талаптарға сәйкес келмейді, - дейді депутат.

Атап айтқанда, олардың жүйелері орталықтандырылған бақылау пультіне қосылмаған.

Жалпы республика бойынша, өздеріңіз білетіндей, 1100 мектеп полицияның жедел басқару орталықтарына қосылмаған. Жеке күзет ұйымдарының нормалар мен талаптарға сәйкес келмеуінің себебі, әрбір мектеп өнім берушіні таңдау бойынша дербес конкурс өткізеді және өткізілетін конкурстарға техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын өздері жазады, - дейді ол.

Депутаттың пікірінше, қазіргі жағдай білім беру нысандарын терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін жіті назар аударуды және шұғыл шешімдер қабылдауды талап етеді, өйткені алда емтихандар мен ұлттық бірыңғай тестілеу, мектеп бітіру кештері кезінде қауіпсіздік жоғары деңгейде болуы тиіс.

Мәжілісмен әлеуметтік маңызы бар нысандарда, балабақшаларда, мектептерде, мектеп-интернаттарда және тағы басқа қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жарыстар өткізу үшін бүкіл елге бірдей болатын нақты техникалық шарттар мен біліктілік талаптарын әзірлеп, енгізуді, барлық жеткізушілерді мүмкіндігінше тезірек тексеруді ұсынды.Сондай-ақ білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиісті келісімдерді барынша қысқа мерзімде жасауға ықпал етуді ұсынды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: