Алматы мектептерінде «виртуалды репетитор» пайда болуы мүмкін

17 Тамыз, 14:40 564

Алматы әкімі Ерболат Досаев педагогтардың кеңесінде жаңа жоба — жасанды интеллект негізіндегі виртуалды репетитордың іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл жобаны жаңа оқу жылында пилоттық режимде сынау жоспарланып отыр. Егер бәрі ойдағыдай өтсе, жоба қала мектептеріне енгізіледі.

Қазірдің өзінде қолданылып жүрген «Жеңіл портфель» жобасы аясында оқушылар TopIQ.kz платформасы арқылы цифрлық оқулықтарға қол жеткізе алады. Бұл жаңартылатын ақпаратқа қол жеткізуді едәуір жеңілдетеді және оқушылардың физикалық белсенділігін азайтады. Сондай-ақ балабақша педагогтері мен ата-аналарды әдістемелік қолдау үшін қалалық «AlmatyKids.kz» дамытушы цифрлық контенті жасалды, оған қаладағы барлық балабақша қосылған.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: