Алматы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

25 Мамыр, 14:45 659
Бүгін Алматының 135 мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жылы Алматы мектептерін 16 мыңға жуық түлек бітірді. Оның ішінде 433 оқушы «Алтын белгі» белгісіне, 1392 үздік аттестатқа үміткер болып отыр. 

Алматыда 337 жалпы білім беретін мектеп болса, оның ішінде 215 мемлекеттік және 122 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. 2023-2024 оқу жылында 1-11 сыныптарда 300 мыңнан астам оқушы білім алды. 
Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: