08.05.2025
09:40
1879
Алматы маңындағы теміржолда адам денесі табылды

Алматы маңындағы теміржолда адам денесі табылды

7 мамыр күні кешке Қайрат – Байсерке аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызының машинисі шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚТЖ мәліметінше, оқиға орнында жансыз адамның денесі табылды.

Пойыз қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды. Оқиға орнына полиция келіп, тергеу жүргізілуде. Оқиға құқық қорғау органдарымен бірлесіп белгіленген тәртіппен тексерілуде, - делінген мәліметте.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы пойыздар қозғалысы аймағында бөгде адамдардың болуына жол берілмейтінін еске салады.