Алматы маңында жер сілкінді

21 Қыркүйек 2023, 20:50 737

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 21 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 16:55-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 338 км жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10,3.

Магнитудасы MPV 4,6.

Эпицентр координаттары 40.19° с.е. 77.53° ш.б.

Тереңдігі - 20 км.

Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) түскен жоқ, - делінген хабарламада.

Перизат Саденова
Бөлісу: