Алматы маңында жер сілкінді

21 Тамыз 2023, 09:11 986

20 тамыз сағат 21:22-де Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 256 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.3. MPV магнитудасы – 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Сондай-ақ Қазақстан сейсмологтары сағат 21:28-де Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 372 км қашықтықта, Қытай аумағында болған жерасты тербелісін тіркеді. Энергетикалық санаты – 11.4. MPV магнитудасы - 5.2. Тереңдігі – 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәлімет түспеген.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: