Алматы маңында жер сілкінді

16 Сәуір 2023, 11:45 762

Алматы маңында жер сілкінді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.

Кезекші оператордың хабарлауынша, жер сілкінісі бүгін, 16 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 8:55-те тіркелген.

Эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 43 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 3.8.

Эпиорталық координаттары – 43.28° с.е. және 77.43° ш.б.

Тереңдігі - 5 км.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады. 

EL.KZ
Бөлісу: