Алматы маңында жер сілкінді

27 Ақпан 2023, 06:35 761

Магнитудасы 2 балдық дүмпу сезілген

Алматыдан 278 және 279 км қашықтықта екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Бірінші жер сілкінісі 27 ақпан күні Алматы уақытымен 03 сағат 42 минут 15 секундта сезілген.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 12,2. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 15 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл деңгейінде сезілмеген.

Сондай-ақ 05 сағат 58 минут 05 секундта тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай Халық Республикасының шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12,1. MPV тербелісі – 5,6. Тереңдігі – 10 шақырым, - делінген хабарламада.

Алматыда жерасты дүмпуі сезілген жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: