Алматы маңында жер сілкінді

4 Ақпан 2023, 22:29 1727

Зілзала ошағы мегаполистен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан

Алматыға жақын Қытай аумағында сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-на сілтеме жасап.

Жер сілкінісі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 344 шақырымда Алматы уақытымен 20 сағат 14 минут 03 секундта орын алды. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 11.5-ті құрайды. Магнитудасы – 4.9, - делінген «Алматы» орталық сейсмикалық обсерваториясының кезекші операторы таратқан хабарламада.  

EL.KZ
Бөлісу: