Алматы маңында жер сілкінді

15 Желтоқсан 2022, 02:24 1623

Жер сілкінісінің ошағы мегаполистің солтүстік-шығысында орналасқан

Алматыдан 377 шақырым жерде жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-не сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ведомствоға қарайтын сейсмикалық стансалар желісі 14 желтоқсан күні 22 сағат 32 минут 4 секундта жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің эпицентрі – Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 377 км қашықтықта, Қытай аумағында. Энергетикалық класы – 11.0. MPV магнитудасы – 5. Эпицентр координаттары – 44.78° с.е. 81.08° ш.б. Тереңдігі – 20 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ, - делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: