Алматы маңында телефонға «кіріп» кеткен әйел 6 жасар баланы қағып өлтірді

13 Мамыр, 15:18 2837

Алматы облысының Саймасай ауылында 2018 жылғы баланы көлік қағып кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баланың туыстары жүргізуші жазасыз қалады деп қорқып отыр. Қайғылы оқиға 10 мамыр, сағат 16:00 шамасында болған.

Бала жолдың жағасында құммен ойнап отырған. Жүргізуші әйел телефонда отырғанына қарамай, жылдамдықты арттырған. Жолдың жиегінде отырған баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткісі келген. Куәгерлер дер кезінде тоқтатып алды. Бірақ, баланың жағдайын көру үшін, көмек көрсету үшін көліктен түскен жоқ, - дейді қаза болған баланың әпкесі Зарина Қамбарова.

Оқиға орнында бала тіл тартпай кеткен. Алайда, туыстарының айтуынша жол-көлік оқиғасынан кейін әйел қамауға алынбаған.

Алматы облыстық ПД жүргізуші әйел ұсталғанын мәлімдеді.

Opel Astra көлігінің жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан баланы қағып кетті. Кәмелетке толмаған бала есін жимай, аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады полиция.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: