Алматы көшелеріне Ермек Серкебаев пен Ескендір Хасанғалиевтің есімі берілді

30 Мамыр, 16:32 547

Алматы мәслихаты белгілі артистердің атымен аталатын көшелерді бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясында еліміздің көрнекті артистерінің құрметіне бірнеше көшенің атын өзгерту туралы шешім қабылданды. Енді Ю. Гагарин атындағы даңғылдың бір бөлігі Ермек Серкебаевтың есімімен аталады, ал Юбилейная көшесі Владимир Толоконников көшесі болып өзгертілді.

Бостандық және Түрксіб аудандарындағы атауы жоқ көшелерге Ескендір Хасанғалиев пен Юрий Померанцев есімі берілді.

Ермек Серкебаев – Қазақстанның халық артисі, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Владимир Толоконников – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Алматыдағы орыс драма театрының актері. Ескендір Хасанғалиев пен Юрий Померанцев – халық артисі атанған талантты жандар.

Бұған дейін шешімнің жобасы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіліп, қаулы «Ашық НҚА» порталында 28 мамырға дейін талқыланған болатын. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: