Алматы ҚХА студенттермен Жастар жылында атқарылатын шараларды талқылады

7 Ақпан 2019, 05:32 1488

Алматы Экономика және статистика академиясының студенттері арасында Мемлекет басшысының ЭКСПО аумағындағы «Нұр Әлем» павильонында өткен Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінің негізгі тұстары талқыланды.

Іс-шараны Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ҚХА орталығы ұйымдастырды.

Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары, «Ирныхас» қалалық осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы Қазбек Мамсуров, Алматы корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, Георгий Кан, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Ольга Колесникова, Алматы қаласы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Диас Ералиев, академия студенттері және тағы басқалары өз баяндамаларын оқыды.

Іс-шараға қатысушылар Елбасы Н. Назарбаевтың Жастар инфрақұрылымын дамыту, білім беру, жастар үшін қолжетімді баспана, кәсіпкерлікті дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру, құқықтық мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, талантты жастарды қолдау және Жастар жылының негізі болып табылатын басқа да бағыттар туралы бастамасын қолдады.

Бөлісу: