Қарағанды облысы аумағындағы "Алматы – Екатеринбург" трассасында үш көлік соқтығысты. Жол апатынан 2 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасы 25 шілдеде сағат 15:00 шамасында Шопа елдімекенінен бес шақырым аумақта болған.
Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Арман Кәмілмұратовтың айтуынша, Toyota Prado, Hyundai Sonata, Toyota Avensis көліктері соғысқан.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram