«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: «Жасыл аула» науқаны ұзартылды

9 Сәуір, 19:03 768

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» кампаниясы аясында Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы «Жасыл аула» науқанын жүзеге асырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

30 наурыздан бастап қала тұрғындарынан көпқабатты үйлердің ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін жапырақты көшеттерді алуға өтінімдер қабылданады. Көшеттер тегін берілетін болады.

Қала тұрғындарының өтініші бойынша өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 15 сәуірге дейін ұзартылды. Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтініштер қабылданбайды. 

Осыған орай, 8 сәуірге дейін берілген өтініштер бойынша көшеттер 13,14 сәуір күндері, ал 9-15 сәуір аралығында берілген өтініштер бойынша көшеттер 20,21 сәуір аралығында Алматы қ., Әуезов ауданы, Юрий Ким к-сі, 9 («Eco Almaty» ЖШС) мекенжайында жүргізілетін болады. 

(Фото: Алматы қаласының әкімдігі)

Науқан аясында бір адамға 20-ға дейін көшет бөлінеді, бұл ретте өтініш беруші отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоюы тиіс.Отырғызылған көшеттердің фото есебін жіберу қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының Жасыл қорды басқару және мониторинг бөліміне байланыс нөмірі бойынша хабарласуға болады: +7 707 546 1770, +7 727 390 41 17. Қоңыраулар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция аясында өткізілуде.

Перизат Саденова
Бөлісу: