Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы-Бішкек экономикалық дәлізі бойынша кіші комитеттің отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен «Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі» жобасы бойынша кіші комитеттің 7-ші отырысына қатысты. Іс-шараға Қырғыз Республикасы экономика және сауда министрінің орынбасары Қанатбек Әбдірахманов, АДБ Орталық және Батыс Азия бойынша өңірлік департаментінің бас директоры Евгений Жуков қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар ынтымақтастықтың бірқатар негізгі бағыттарын, соның ішінде климаттың өзгеруі, қоршаған орта және туризм бойынша бірлескен жобаларды іске асыру барысын қарастырды.
«АБЭД жобасы бойынша АДБ-мен тығыз ынтымақтастықтың арқасында соңғы 5 жылда біздің елдер Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық аймағында алғашқы экономикалық дәліз құру жолында көптеген оң нәтижелерге қол жеткізді. Экономикалық дәліздердің іске қосылуы интеграциялық хабарламаларды күшейтуде маңызды рөл атқарды және екіжақты қатынастардың дамуына серпін берді. Біз қырғыз әріптестерімен және АДБ-мен (Азия Даму банкі) ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз», - деп атап өтті ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары