02.12.2024
00:13
1030
"Алматы-Бесмойнақ" трассасында жол апатынан бір адам қаза тапты

"Алматы-Бесмойнақ" трассасында жол апатынан бір адам қаза тапты

Алматы облысы Жамбыл ауданында жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Алматы-Бесмойнақ автожолының 77 шақырымында болған. Mercedes Benz 280 жүргізушісі  қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Focus автокөлігімен соқтығысқан. Содан кейін инерция бойынша ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысуға жол берген.

Жол апатыннан Ford Focus жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Түрлі жарақаттарымен екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.