Алматы базарынан шыққан өрт толық сөндірілді

12 Тамыз 2023, 13:51 1175

Алматыда базар қоймаларының бірінен шыққан өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматыдағы қоймалардағы күрделі өрт 12-22-де сөндірілгені мәлім болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі ақпарат таратты. Тілсіз жаудан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ал өрт сөндірушілер өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеген көрінеді.

Өртті жоюға барлығы ТЖД жеке құрамның 120 адамы және 33 бірлік техникасы, сондай-ақ су тасу үшін Алматы қаласының коммуналдық қызметтері мен құтқару қызметінің 7 су тасығышы жұмылдырылды. Өрт орнында ІІМ қызметкерлерінің қатарынан қоршау қойылды, деп жазылған ТЖМ таратқа ақпаратта. 

Асқар Таудай
Бөлісу: