«Алматы Бас жоспары» ЖШС бас директорының орынбасары сотталды

5 Қараша, 10:27 403

Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен «Алматы Бас жоспары» ЖШС Бас директорының орынбасары С.Өмірәліұлы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген мәліметте.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: