Алматы әуежайының екінші қабатына көлікпен кіруге уақытша тыйым салынады

16 Қыркүйек, 03:22 227

Алматы халықаралық әуежайында 16-21 қыркүйек күндері екінші қабатқа көтерілуге мүмкіндік беретін көліктерге арналған пандустың кеңеюіне байланысты екінші қабатқа шығу уақытша жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуежайдың мәліметінше, ішкі және халықаралық терминалдарға жолаушыларды түсіру бірінші қабаттың ұшып келу аймағында орындалады.

Осыған байланысты жолаушыларды әуежайға алдын ала келулерін және уақытша қолайсыздақтар үшін кешірім сұраймыз,-делінген хабарламада.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: