Алматы әуежайындағы жағдайға байланысты әуе компания түсінік берді

17 Ақпан, 16:30 868

Алматы халықаралық әуежайы мен Air Astana компаниялар тобы ұшу кестесін қалпына келтіру үшін барлық күш-жігерін жұмсап жатыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

16 ақпанда Алматы әуежайындағы қолайсыз ауа-райына байланысты бірқатар рейстер кешікті. Бұл күні нөсер қардың салдарынан ұшу-қону жолағын үздіксіз тазарту және ұшақтарды мұздан тазарту үшін қосымша уақыт қажет болды. Бұл ұшақтардың келуіне де әсер етті. Қонғаннан кейін кейбір ұшақтар жермен жүру жолында қалды. Өйткені тұрақтардың барлығы халықаралық және отандық әуекомпаниялардың таңертеңгі және күндізгі рейстерін орындаған ұшақтарға толы болды.

Бұл жағдай бүгінгі күнге дейін рейстердің тізбекті кешігуін тудырған. 17 ақпанда Алматы әуежайында әуе кемелерінің тәуліктік ұшу және ұшу жоспарының едәуір ұлғаюына байланысты рейстердің кешігуі жалғасып отыр. Форс-мажорлық жағдайларға байланысты техникаға, баспалдақтарға, автобустарға, жолжүк транспортирлеріне қосымша жүктеме пайда болды. Бұл өз кезегінде жолжүкті түсіруді кідірткен.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Әділбек
Бөлісу: