Бүгін тұманнан жолдың нашар көрінуіне байланысты Алматы халықаралық әуежайында екі рейс кешіктірілді, деп хабарлайды El.kz
«Сағат 8:20-да ұшуы тиіс болған «Южный ветер» әуе компаниясының 3101 Алматы-Балқаш рейсі сағат 10:02-де ұшты. Сондай-ақ, сағат 8:40-та ұшуы тиіс болған 821 Алматы-Мәскеу рейсі сағат 9:47-де ұшты», - делінеді әуежай хабарламасында.