Алматы әуежайында 750-ге жуық жолаушы ұша алмай отыр

17 Ақпан, 03:27 638

16 ақпанда Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 рейс тоқтатылып, 60 рейс кешіктірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 750-ге жуық жолаушы әуежай терминалында өз рейсін күтіп отыр. 

Әуежай басшылығы іске жұмылдырылған, компания өкілдері жұмыс орнында жолаушыларға керек ақпаратты дер кезінде жеткізіп отыр, - делінген мәліметте.

Комитет күн райы дұрысталған жағдайда, әуе рейстерінің кестесі де қалпына келтірілетінін алға тартты.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: