Алматы әкімі тұрғындарды қала күнімен құттықтады

17 Қыркүйек 2023, 16:18 868

Алматы дәстүрлі түрде өзінің туған күнін атап өтуіне орай қала әкімі көпшілікті атаулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мерекеге орай өткен концерт, көрме, флешмоб, фестиваль кезінде Абай алаңында қала басшысы Ерболат Досаев алматылықтарға құттықтау сөз сөйледі. Алматы әкімі қаланың еліміздің тарихындағы тарихи рөлін ерекше атап өтіп, оның дамуына қосқан үлесі үшін тұрғындарға алғысын жеткізді. 

Кейін Ерболат Досаев мегаполистің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан адамдарды: олардың ішінде ғалымдар, дәрігерлер, суретшілер, қоғам қайраткерлерін "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағымен марапаттады.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін қала әкімі Тұңғыш Президент саябағындағы "Alma Fest" және "Artbat Fest" заманауи өнер фестиваліне барды.

Асқар Таудай
Бөлісу: