Алматы әкімі су басқан өңірге көмекке барған құтқарушыларға алғыс айтты

7 Мамыр, 06:28 766

Алматы әкімі Ерболат Досаев су тасқына қарсы күреске атсалысқандарға ризашылық білдіріп, Алғыс хат табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қала әкімдігі сәуір айында су тасқынымен күресу үшін Батыс Қазақстан облысына мамандар мен техника жіберді. Құрылысшылар, энергетиктер, жүргізушілер, жалпы саны 400-ден астам адам мен 243 бірлік арнайы техника су басқан аймаққа жедел аттанған болатын.  

Бірлескен күш-жігердің арқасында өңір қарғын судан аман қалды. Үш апта ішінде су тасқыны қаупі бар 7 кентте 25,5 км бөгет салынды. Сондай-ақ, Алматыда зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде гуманитарлық көмек жинау ұйымдастырылды. Қала тұрғындары 512 тонна азық-түлік, киім-кешек пен гигиена құралдарын жинады. 

Алматылық меценаттар азық-түлік, киім-кешек және басқа да тауарларды сатып алумен қатар, арнайы техника бөліп, гуманитарлық көмекті орналастыру үшін қойма ұсынды. 

Зарина Арман
Бөлісу: