Алматы әкімі өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты

2 Тамыз 2023, 09:15 1118

Алматы әкімі Ерболат Досаев өрт кезінде қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр. Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін. Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін, - деді Алматы әкімі.

Ерболат Досаев оның толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін атап өтті.

Айта кетейік, Алматыдағы 16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілген.

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: