Алматы әкімі мереке күні су тасқынына қарсы күреске қатысушыларды марапаттады

1 Мамыр, 18:44 699

Қазақстан халқының бірлігі күнінде Алматы әкімі Ерболат Досаев су тасқынына қарсы күреске қатысушыларды марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Мерекелік бағдарлама еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және су тасқынына қарсы күрестің басқа да қатысушыларын марапаттау рәсімінен басталды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтар үшін гуманитарлық көмекті жинауға және жеткізуге белсенді атсалысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттарына, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысу үшін БҚО-ға іссапармен жіберілген еріктілерге, коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне алғыс білдіпді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: