Алматы әкімі Ерболат Досаев Президентке есеп берді

21 Наурыз, 15:38 557

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерболат Досаев Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады:

биылғы екі айдың қорытындысы бойынша қала экономикасының қарқынды өскені, Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсімі 1,7 пайызға жеткен;
жергілікті бюджетке түскен қаржы 55 пайызға, яғни 287,5 миллиард теңгеге дейін көбейген;
негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып келеді. 190 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім көрсеткіші 24,5 пайызды құраған;
былтыр тамыз айында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау аясында мегаполисті полиорталық ретінде дамыту, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту, құрылыстардың тығыз салынуын болдырмау және басқа да мәселелер бойынша жаңа талаптарды енгізу жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр;

қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалуы жайында мәлімет берді:
      – тұрғындар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша биыл 23 қаңтардағы жер сілкінісінен кейін тексерілген 183 нысанға айтарлықтай зақым келмеген;
      – 4 наурыздағы жер сілкінісінен кейін түскен өтініштер бойынша 363 нысанға кешенді тексеру жұмыстары басталған;
      – 2024 жылы 13,2 мың нысанға сейсмоаудит жүргізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдай кезінде азаматтарды уақытылы құлақтандыру мақсатында биыл 1 маусымға дейін пилоттық режимде «Mass Alert» жүйесі енгізіледі;
қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту, аулалардың аумақтары мен жасыл желектерді күтіп ұстаудың жаңа әрі кешенді тәсілі туралы айтты. Осы ретте қызмет көрсететін ұйымдармен 3 жылға сервистік келісім-шартқа қол қойылған. Бұл шаралар олардың қаржылық орнықтылығын және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы одан әрі әртараптандыру, Алматының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сумен қамту және су тарту жүйесін жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: