Алматы әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

Бүгiн, 17:07 156

«Қазгидромет» Алматыда 17 қазанда да қар жаууы мүмкін екендігін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, күн райының суытуына байланысты қалада көктайғақ болуы мүмкін.

Көктайғақ қаупіне байланысты, әсіресе әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақтарда көлік иелері қауіпсіздік үшін жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырғаны жөн.

Жолда көктайғақ болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілер жылдамдықты азайтып, көлік арақашықтығын сақтап, шұғыл бұрылмауы керек, өйткені апат қаупі жоғарылайды. Жаяу жүргіншілер де тротуарларда жұқа мұздың пайда болу қаупіне байланысты абай болуы қажет, - делінген мәліметте.

Коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел жүргізуге дайын. Бұл жұмысқа 10 мердігер ұйым, 841 техника және 1405 жұмысшысы жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы 76 тонна материал дайындалған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: