Алматы әкімдігі 3 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жүретіндер үшін не өзгеретінін айтты

2 Тамыз, 07:31 572

Алматыда қоғамдық көліктерде жүру үшін 3 тамыздан басталатын өзгерістер белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, 3 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру құны 120 теңге болады. Сонымен қатар қауіпсіздікті арттыру үшін қолма-қол ақшамен төлеу алынып тасталады. Нәтижесінде жүргізуші ақша жинауға алаңдамайды. Жолаушылардың 97%-дан астамы қолма-қол ақшасыз есеп айырысады.

Төлем әдістері:
— Көлік картасы («Onay» филиалында және 115 пунктте қолжетімді);
— Ұялы телефоннан SMS жіберу арқылы;
— Мобильді қосымша.

Жүргізушілердің заң бұзуын тіркеу үшін бірыңғай бақылау қызметін құру туралы мәселе қарастырылуда.

Жол жүру билеттерінің құны:
Айлық — 9 900 теңге.
Студенттік — 4 200 теңге.
Мектеп — 2 000 теңге.
Зейнетақы — 3 000 теңге.

ҰОС қатысушылары, 75 жастан асқан зейнеткерлер, 1, 2-ші топтағы мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері т. б үшін қоғамдық көлікте жүру тегін. Студенттер, зейнеткерлер, көпбалалы аналар мен мүгедек балалармен бірге жүретіндерге 50% жеңілдік.

Айта кетсек, қалалық мобильділік басқармасы тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жол жүру билеттерінің жаңа нұсқасын әзірлеп жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: