Алматыға ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус келді

3 Тамыз 2022, 19:55 1881

Кездесу барысында медициналық-санитарлық алғашқы қызметті нығайту бөлігіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды

Алматыда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Алматы әкімі Ерболат Досаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесуспен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында медициналық-санитарлық алғашқы қызметті нығайту бөлігіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. ҚР ДСМ-нің басшысы кездесу барысында ДДСҰ-ның Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық әріптесі ретіндегі рөлін тағы да жоғары бағалады.

"Біздің ынтымақтастығымыз 30 жылдан бері жалғасып келеді және соңғы жылдары одан да белсенді бола бастады. Қазақстан мен ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ілгерілету жөніндегі бірлескен іс-қимыл нәтижесінде соңғы 5 жылда бірқатар маңызды құжаттар әзірленіп, қабылданды: 2018 жылғы МСАК жөніндегі Астана декларациясы, 2020 жылғы МСАК-ты нығайту құралдарымен бірге МСАК-тың Операциялық механизмі және МСАК тиімділігін бағалаудың негізі. Сондай - ақ, МСАК жүйесін дамытуды қолдайтын елдер үшін халықаралық деңгейде бірқатар іс-шаралар өткізілді", - деді министр.

Ол Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша мақсатты және дәйекті саясат жүргізуді жалғастырып келе жатқанын атап өтіп, 2021 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан "Әрбір азаматы үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Дені сау ұлт " ұлттық жобасының жетістіктері туралы хабардар етті.

"ДДСҰ әлемге көптеген мүмкіндіктер беретін медициналық-санитарлық алғашқы қызмет орталығына шоғырланған, 2023 жылы Нью-Йоркте медициналық сақтандырумен жалпы қамту бойынша жоғары деңгейдегі кездесулер өтеді. Біз МСАК аспектілері бойынша жетекші рөл атқару үшін Қазақстанның бізбен бірге жұмыс істегенін қалаймыз", - деді ДДСҰ-ның басшысы Тедрос Гебрейесус.

Бөлісу: