Алматы-3 теміржол вокзалы салынады

5 Шілде 2022, 02:35 3867

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мегаполисте Алматы-3 теміржол вокзалы салынатыны айтты, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау барысында мәлім болды.

Қала маңындағы көлік байланысын жақсарту үшін біз қосымша қала маңынан қаладағы көлік хабтарына дейін 30 маршрут, Алматы-2 станциясынан Қонаев қаласына дейін электр пойызын іске қосамыз. Сондай-ақ Алматы-3 темір жол вокзалының құрылысын бастаймыз, - деді қала әкімі.

Сонымен қатар ол 2025 жылға дейін Құлжа тасжолы мен Боралдай-Шамалған трассасын, 2030 жылға дейін Талғар трактісі мен жоғарғы Қаскелең жолы кеңейтілетінін жеткізді.

Қала мен Алматы облысы арасында күнделікті қоғамдық көлікте жол жүру 2025 жылға қарай қазіргі 400 мыңнан 500 мыңға дейін және 2030 жылға қарай 600 мыңға дейін ұлғаюы тиіс. Алматы агломерациясында қоғамдық көлікті дамыту жөніндегі бірлескен жобалық кеңсе құрылады, - деді шаһар басшысы.

EL.KZ
Бөлісу: