Бұл туралы актер Алмат Сақатов El.kz ақпарат агенттігінің «Базарlike» жобасында айтты.
Бауыржан шоу» тарағаннан кейін менде рухани дағдарыс басталды. Бір кездері дүркіреп, бүкіл республиканы аузына қаратыр жүрген театр тарады да кетті. Басқа барар жер де жоқ. Шаншардың өз жігіттер бар, Тамашаның ол кездегі деңгейі төмен еді. Тамада болып ақша таптым. Аптасын үш төрт мың долларға үш төрт тойға шығып жүрдім. Содан ішу басталды. Апталап үйге қонбай кеттім. Тойға барғанда бірінші көзім араққа түсетін. Бір тойда екі бөтелке ішіп кетем, - дейді актер.
Ол миындағы рухани дағдарыстан кино саласына келу арқылы шыққанын айтады.
Бір күні режиссер Жайна Әбдиева хабарласып, «Қара шаңырақ» атты сериал түсіріп жатқанын, сол жерден маған бір рөл беретінін айтты. Барсам менің табиғатыма келеді екен. Сол кезден бері кино саласында келе жатырмын. Дағдарыстан да шықтым, - дейді ол.
Сондай-ақ "Бауыржан шоу" театры қалай тоқырауға ұшырағанын, анайы қойылымдарды кім көбейткенін айтты. Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі туралы да біраз жағымсыз пікір білдірді.