Аллергия неден пайда болады

28 Қаңтар, 18:59 808

Соңғы кезде аллергиясы бар адамдардың қатары көбейіп барады. Олардың арасында үлкен де, кіші де бар. Әсіресе балаларға қиын. Аллергияның бір себебі асқазан-ішек жолының жағдайына байланысты. Сондықтан микробиома жайлы біле жүрген абзал, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Адамның ас қорыту жүйесі өте күрделі. Мысалы біздің ішегімізде көптеген бактериялар мен микробтар бар. Олар біздің денсаулығымызға тікелей әсер етеді. Ішек микробиомасы асты қорытады, ондағы пайдалы заттарды ағзамызға сіңіреді, зат алмасуды реттейді, ағзаны қорғайды.

Әр адамның дене мүшесі ешкімге ұқсамайтыны секілді, ішектегі микробтар мен бактериялар да әртүрлі. Ол тамақтануға, өмір салтына, дәрі-дәрмек қабылдауға және қоршаған ортамызға байланысты өзгеріп отырады.
 
Зерттеушілер ішек микробиомасының тепе-теңдігін сақтау маңызды дейді. Дұрыс тамақтанбау диабет, семіздік, аллергия сияқты түрлі ауруларға әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті ғалымдар микробтардың денсаулығымызға қалай әсер ететінін, аурудың алдын алу үшін оларды қалай пайдалануға болатынын білуге тырысады.
 
Ұлыбританияның Ньюкасл университеті ғалымдары микроб-ішек арасындағы қатынасты зерттеудің бір тәсілін тауыпты. Бұл үшін олар 15 елдің адамдарынан 1600 анализ алған. Сөйтіп ішек микробтарының 955 түрін зерттеген. Зерттеуге қатысқан адамдардың көбі диабет, ішек ауруларымен ауыратындар. Сонымен, анықталғандай, ішек аурулары микробтарға қажетті тағамның жетіспеушілігінен пайда болады екен.
 
Мәселен, Крон ауруы – ішек ауруының көп тараған түрі. Зерттеушілердің айтуынша, бұл ауру күкіртті сутегі (Roseburia intestinalis) молекуласын жеп қоятын бактериялар жойылған кезде пайда болады. Яғни, ішекте күкіртті сутегіні тұтынатын бактериялар жойылса, адам Крон ауруына шалдығады. Бұл жаңалық бактериялардың нақты түрлерін анықтап, оларды емдеу және профилактика әдістерін табуға көмектеседі.
 
Ирландия микробиома институтында қызмет ететін Доктор Руайри Робертсон ішек микробиотасының маңыздылығын ескере бермейміз дейді. 
Ішек микробиотасын екінші ми деп те атайды. Ішекте жүз мың нейрон бар екен. Ішектегі бұзылыстар миға әсер етеді. Тіпті серотониннің 90 пайызы ішекте, мида – 10 пайызы қалыптасады.  
 
Доктор Руайри ішектегі пайдалы бактерияларды көбейтетін пребиотиктардың тізімін жасаған. Олар: ірі дәнді жарма, жаңғақтар, алма, пияз, сарымсақ, бал, бұршақ, көк шай және т.б.

Жансая Әділбек
Бөлісу: