Әлия Назарбаеваның үстінен қылмыстық іс қозғала ма? Бас прокуратура өкілі жауап берді

27 Қыркүйек 2023, 14:00 1307

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Әлия Назарбаеваны қылмыстық қудалауға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шындалиевтің айтуынша, Назарбаеваның үстінен Бас прокуратураға ешқандай шағым түспеген.

Егер қандай да бір қылмыс құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, қылмыстық қудалау туралы шешімді қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органдар қабылдауы керек. Бізде ондай бірнеше орган бар: Антикор, Экономикалық тергеу қызметі, ІІМ. Егер ақпарат келіп түссе және қандай да бір дәлелдер болса, олар шешім қабылдауы керек. Әзірге менде ондай ақпарат жоқ, - деді бас прокурордың орынбасары отырыста.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Amanat партиясының көшпелі отырысында Мәжіліс депутаты Ербол Саиров куәгерлер Әлия Назарбаеваны «ӨКМ Операторының» соңғы бенефициары ретінде көрсеткенін айтқан болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: