Алишер Каримов & Назгүл Бердіқожа: «Халтурщик» деген кім?/Су тасқыны туралы (Keipker #2)

10.05.2024 18:30
Равиль Ашығали

«Keipker» подкасты екінші шығарылымының қонақтары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Әлішер Кәрімов және Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын Назгүл Бердіқожа. Студия қонақтарымен бірге еліміздегі су тасқыны, ақындық пен әншілік өнер және сын туралы әңгіме өрбіттік. Одан бөлек, подкастта өнер адамдарының жеке шығармашылығындағы жаңалықтары туралы да айтылды.