Әлішер Ерғали: Қатты медаль алғым келді, не жетпегенін білмеймін

11 Тамыз, 20:36 431

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде жеңілген соң, журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетелік, Әлішер кешегі жарыс күнінде Олимпиаданың финалисті Ахмед Тажудиновтен, бүгін ирандық Азарпира Амиралиден жеңілді. 

Өмірімдегі екінші Олимпиада болған соң, қатты медаль алғым келді. Білмеймін, дайындығым жетпей қалған сияқты. Кеше Тажудиновпен белдесу жақсы басталған. Ағайларымның тактикасымен оны кілемнен шығарып, шаршатуым керек еді. Бірақ асығып кеттім. Өкінішті.  Ал бүгінгі белдесудегі қарсыласым да өте мықты. Лос-Анджелес Олимпиадасына да барамын деп  нақты айта алмаймын. Ел үмітін ақтай алмадым. Кешірім сұраймын, - деді Ерғали. 

Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасында 97 келі салмақта белдесті. 

Перизат Саденова
Бөлісу: